04.04.2022, 17:52 19451

Мылтықтан қаза тапқан ер адам гастроэнтеролог болып жұмыс істеген

Мылтықтан қаза тапқан ер адам гастроэнтеролог болып жұмыс істеген
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 4 СӘУІР - 4 сәуір күні таңертең Алматының Бостандық ауданында 1975 жылы туған ер адам аңшылық мылтықтан атылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында орын алды. Хабарлама 08 сағат 59 минутта "102" пультіне келіп түсті.
 
Аңшылық мылтықтан 1975 жылы туған Ш.есімді азамат кісі қолынан қаза тапты.
 

Бұл қылмыстың беті "ізін суытпай" ашылды. Күдікті қалада енгізілген "Перехват" арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында құрықталды. Қылмыстық қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталуда", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

 
Толықтырылды:
 
Белгілі болғандай, мылтықтан қаза тапқан адамның есімі - Юрий Шумков, ол Алматыда гастроэнтеролог болып жұмыс істеген.
 
Sputnik Қазақстан деректері бойынша, күдікті Шумковтың пациенті екені анықталды. Дәрігер сәтсіз емдегендіктен, пациент оны өлтіруге бел буғанын айтты.
 
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. 
 
Қазір ұсталған адамға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша қаланың полициясы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("кісі өлтіру") бойынша тергеу басталғанын растады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны