23.02.2023, 10:16 21701

Пәкістанның тоғыз азаматы Қазақстанға заңсыз кіруге тырысты

Ұсталындарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады
Пәкістанның тоғыз азаматы Қазақстанға заңсыз кіруге тырысты
Сурет: t.me/knbgov_kz
Тараз. 23 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Пәкістан Ислам Республикасының тоғыз азаматы Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында ұсталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

2023 жылғы 15 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады", - делінген ведомствоның хабарламасында.


Ұсталындарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұған дейін қаңтар айында қазақстандық шекарашылар қос азаматтығы бар 54 адамды анықтағаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны