17.04.2023, 12:37 27911

Жаңаөзенде жарылыс кезінде қаза тапқандар саны артты

Жаңаөзенде жарылыс кезінде қаза тапқандар саны артты
Сурет: gov.kz
Үйінділердің астынан төрт адам тірідей шығарылды

Жаңаөзен. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Жаңаөзен тұрғын үйінде жарылыс кезінде қаза тапқандардың мәйіттері шығарылғаны туралы хабарланды.

Құтқарушылар үйінділерден тағы үш адамды тірідей алып шықты: ер адам, әйел адам және бір бала.

Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 3 адамның денесін алып шықты.

Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер", - делінген ведомствоның хабарламасында.


17.04.2023, 12.39 толықтырылды

11.45-те үйінділердің астынан әйелдің денесі алып шығарылды.

Осылайша, қазіргі кездегі жағдай бойынша үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі алып шағарылды, деп хабарлайды ТЖМ.

6 адам ауруханаға жатқызылды.

Үйінділерді талдау жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін бір адам қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.

Бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны