30.03.2012, 13:39 4299

Ақтөбелік жігіт күйеуге шығудан бас тартқан қызын өлтіріп тастаған

"Жігіт таңертең өзінің 24 жасар қызын өлтіргендігі туралы айтты. Оқиға орнына шыққан тергеу-оперативтік тобы оңаша жерден мойнына, қолы мен денесінің бірнеше жеріне пышақ салынған қыз баланың өлі денесін тапты", - деп әңгімеледі А.Иманғалиев.

Ақтөбе. 30-наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбелік жігіт күйеуге шығудан бас тартқан қызын өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шалқар АІІБ кезекші бөліміне өз қызын өлтіріп алғандығы туралы кінәсін мойындап 25 жасар жігіт жүгінген. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев мәлім етті.

"Жігіт таңертең өзінің 24 жасар қызын өлтіргендігі туралы айтты. Оқиға орнына шыққан тергеу-оперативтік тобы оңаша жерден мойнына, қолы мен денесінің бірнеше жеріне пышақ салынған қыз баланың өлі денесін тапты", - деп әңгімеледі А.Иманғалиев.

Кудіктінің айтуы бойынша, зардап шеккен қыз жігітке күйеуге шығуға келісімін беріп, кейін ол шешімінен бас тартыпты. Үйінен асүй пышағын алып шыққан жас жігіт зардап шеккен қыз жұмыс істейтін дүкенге бет алып, қыз шыққаннан кейін оны адам жоқ жерге апарып, бірнеше жерінен пышақ салған.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны