15.02.2012, 11:04 3141

Алматы облысы әкімшілігі аппаратының ғимаратында өрт шығып, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді

14-ақпан күні сағат 15.28 Қазбек би көшесі мен Желтоқсан 112 қиылысындағы Алматы облысының Икімшілік аппаратының 5 қабатты ғимаратында 3-ші қабаттағы № 306 кабинетте өрт шыққан.

Алматы. 15-ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысы әкімшілігі аппаратының ғимаратында өрт шығып, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14-ақпан күні сағат 15.28 Қазбек би көшесі мен Желтоқсан 112 қиылысындағы Алматы облысының Икімшілік аппаратының 5 қабатты ғимаратында 3-ші қабаттағы № 306 кабинетте өрт шыққан.

Өрт сағат 16.08 ауыздықталып, сағат 16.16 сөндірілді.

Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке жасағының 50 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылған.

Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттан 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны