05.01.2010, 10:18 1514

Алматы облысында Алматы - Өскемен тас жолында апат салдарынан үш адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды

Алматы облысында Алматы - Өскемен тас жолында апат салдарынан үш адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында Алматы - Өскемен тас жолында апат салдарынан үш адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Ақсу ауданында Алматы - Өскемен тас жолының 348-ші шақырымында 4 қаңтарда сағат 18.00-де "Тойота" және "Мазда" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 40 жастағы "Мазда" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы - 44 жастағы әйел мен 24 жастағы жігіт оқиға орнында жан тапсырды; "Мазда" көлігінде отырған тағы екі жолаушы - 23 және 24 жастағы жігіттер, "Тойота" көлігінде отырған 47 жастағы әйел мен 16 жастағы қыз ауруханаға жатқызылды.

"Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы - Астана тас жолының 273-ші шақырымында 4 қаңтарда сағат 07.00-де "Тойота" көлігі аударылды.

Апат салдарынан 67 жастағы жүргізуші оқыс оқиға орнында жан тапсырды; ал оның үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны