27.03.2007, 15:38 3071

Алматы облысында жыл басынан бері браконьерлерден 154 ондатр терісі тәркіленген

ТАЛДЫҚОРҒАН. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы облысында браконьерлерден жыл басынан бері 154 ондатр терісі тәркіленген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері үш браконьер ұсталған. "Барлық үш дерек бойынша мемлекетке келген шығын сомасы 1 миллионды құрап отыр",- деп хабарлады Алматы облысының Ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау полициясының бастығы Бүркіт Даданбеков.

Баспасөз қызметінде айтылғандай, соңғы браконьерлік дерек Балқаш ауданында 26-наурызда тіркелген. "Полицейлер "Томар-жылқышы" аумағында "Заготпушнина" ЖШС аңшысын ұстап, одан заңсыз ауланған 67 ондатрдың терісін тәркіледі",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Ұсталған азамат аң аулау маусымының 2006 жылдың 31-желтоқсанында аяқталғандығына байланысты, браконьерлік дерегі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. "Іске, сондай-ақ заттай дәлел ретінде браконьерден ұсталған кезде тәркілеген қақпан, ілмек және тұзақ қосылады",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны