21.07.2006, 17:16 2899

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, араларында Бельгия азаматы бар

АСТАНА. 21 шілде. Kazakhstan Today. Алматы облысында жол апаты салдарынан үш адам мерт болды, олардың арасында Бельгия азаматы бар, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі Минтистрлік.

Жол апаты бейсенбі күні Алматы-Астана тас жолынан 186 шақырым жерде Жамбыл ауданында болған. Министрліктің мәліметіне қарағанда, 67 жастағы жүргізуші абайсызда автокөлікті аударып, салдарынан өзі және екі жолаушысы оқиға орында көз жұмды. Олардың арасында 39 жастағы Бельгия азаматы бар. Тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны