21.02.2022, 16:51 20916

Алматы халықаралық әуежайын басып алуға қатысушылар анықталды

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы халықаралық әуежайын басып алып, қиратқандар анықталды.
Алматы халықаралық әуежайын басып алуға қатысушылар анықталды
НҰР-СҰЛТАН. 21 АҚПАН - Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы халықаралық әуежайын басып алып, қиратқандар анықталды.

Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді. 

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір топ күдікті жеңіл көлікпен "Оружейник" қару-жарақ дүкеніне келіп, есігін сындырған. Сөйтіп 15 тегіс ұңғылы қару мен оптикалық көздегіші бар төрт иір ойықты карабин ұрлаған. Қару-жарақты Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы жабдықталған қоймаларға жасырған. Артынан оларды сатып жіберуді жоспарлаған. 

Бұған қоса, тергеу барысында жоғарыда айтылған адамдардың Алматы халықаралық әуежайын басып алуға және қиратуға қатысқаны анықталды", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Ақпарат көзі: ktk.kz


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны