20.09.2021, 18:22 14649

Алматы облысында қойма өртенді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 20 ҚЫРКҮЙЕК - Алматы облысының Көксай ауылында қойма өртенді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

20.09.2021 жылы сағат 10:00-де кезекші байланыс пультіне Алматы облысы Қарасай ауданының Көксай ауылында, Наурызбай батыр көшесі мекен-жайында "Әмір" шаруа қожалығының аумағында қойма үй-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші өртке қарсы бөлімшелер орнына келгеннен кейін қойма үй-жайында ауыл шаруашылығы техникасынан құрылыс материалдары мен шиналар жанып жатқаны анықталды, шамамен 250 шаршы метр алаңда. Қаскелең қаласының өрт сөндіру бөлімінен шақыру орнына дейінгі қашықтық 18 километрді құрайды. Автожолдардың автомобильдердің көптігімен және автомобиль кептелісінің пайда болуымен байланысты оқиға орнына сағат 10:33-те келді", - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 
Өрт 10:50-де ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Құрбандар мен жәбірленушілер жоқ.
 
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД және Алматы қаласы ТЖД 26 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны