29.04.2021, 19:03 54355

Алматы облысында төрт оқушыны қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 29 СӘУІР - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасымен төрт оқушыны қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 2 наурызында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 3 қыз емдеу мекемесіне жатқызылды. Кейін, алған жарақаттардан екеуі қайтыс болды.
 

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігімен (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баппен ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Автокөлік құралының жүргізушісі қамауға алынды, барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, тергеу процесстік мерзімде аяқталды. 28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдады", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны