26.09.2022, 15:14 17986

Алматы облысында жүк көлігіне байланған итті асфальт бойымен сүйреп бара жатқан қатыгез ұсталды

Алматы облысында жүк көлігіне байланған итті асфальт бойымен сүйреп бара жатқан қатыгез ұсталды
ҚОНАЕВ. 26 ҚЫРКҮЙЕК - Әлеуметтік желіде қозғалып келе жатқан КамАЗдың артынан байлаулы ит жүгіріп келе жатқан видео тарады. Асфальтта табанынан қан іздері көрінеді, бір сәтте жануар бүйірінен құлап қалады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Instagram-дағы animal_security парақшасына сілтеме жасап.
 
Instagram-дағы animal_security паблигінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, жануарға қатысты өрескел қатыгездік фактісі Талғар ауданының Еркін ауылында болған.
 
Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл құқық бұзушылық Талғар аудандық полиция басқармасында тіркелгенін айтты.
 

Тексеру аталған бөлімшенің қызметкерлеріне тапсырылды. Міндетті түрде құқық бұзушыны анықтап, шара қолданамыз", - деп жазды ол.

 
Кейін Әбдірахманов жүргізушінің жеке басын анықтағанын айтты. Ол 1980 жылы туған азамат болып шықты.
 
Талғардағы жаппай қырғын: жануарлар құқығын қорғаушылар иттер өлтірілген орынды анықтады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны