28.09.2021, 19:28 38600

Алматы облысының тауларында орман өрті сөндіруде

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
АЛМАТЫ. 28 ҚЫРКҮЙЕК - Алматы облысы Қарасай ауданының Ақсай шатқалындағы "Іле-Алатау" МҒӨК аумағында 26 қыркүйекте сағат 18.20-да өрт шықты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы облысы ТЖД хабарлағандай, 28 қыркүйек күні сағат 09-30-дағы жағдай бойынша шатқалда түтіндеу бар. ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы су шашуда. 
 

ТЖД күшімен жақын маңдағы аудандық бөлімшелердің қызметкерлерінен, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен қосымша топтар құрылды. Штаб Алматы облысы ТЖД бастығы Асқат Тойчубековтың басшылығымен ұйымдастырылды. Аэровизуалды бақылау үшін ұшқышсыз ұшатын аппараты бар жедел топ-дрон жіберілді", - деп хабарлады ТЖД.

 
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 7 техникасы мен 25 қызметкері, Ақсай орман шаруашылығының 70 қызметкері мен 15 техникасы, ҚР ТЖМ 28237 ә/б 50 әскери қызметкері мен 2 техникасы, Қазавиаорманқорғау 10 қызметкері, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағының 1 борты және 4 экипаж адамы жұмылдырылды.
 

Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен – Қырғауылды ауылы 12 км қашықтықта және "Радуга" бау-бақша қоғамы 8 км қашықтықта орналасқан", - деп атап өтті облыстық ТЖД.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны