07.09.2022, 17:23 20676

Алматыда тау баурайында ағаштарды өртеген күдікті ұсталды

Алматыда тау баурайында ағаштарды өртеген күдікті ұсталды
Сурет: telegram/kris_p_almaty_official
АЛМАТЫ. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды. Бұл туралы Рolisia.kz хабарлады.
 

Бейнекамералар мен куәгерлік жауап алудың көмегімен Бостандық ауданында болған өртке кінәлі күдікті ер адам анықталды. Бұл – 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады", - делінген полиция мәліметінде.

 
Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан.
 

Бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", - деді полициядан.

 
Еске салайық, кеше Көктөбе баурайында тұтанған өртпен күрес жүріп жатқан кезде, Көктөбе саябағына жақын жерде ағаш арасында от жағып жатқан ер адамның видеосы тараған болатын. Алматы қалалық Полиция департаменті Бостандық ауданының полиция басқармасы видеоны дереу тексеруге кірісті.
 

Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Осы әрекетті жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады", - делінген болатын полиция хабарламасында.


Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны