21.09.2021, 20:29 16512
Алматыдағы атыс: тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
"Кісі өлтіру" және "Билік өкіліне шабуыл жасау" баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан жауап алынып жатыр. Мәліметтер анықталуда. Белгілі болғандай, оның атына қару 2008 жылы тіркелген, күдікті психиатриялық диспансерде есепте жоқ", - деді Қанат Таймерденов.
Оның айтуынша, ведомствоаралық жедел топ құрылды, алдағы уақытта тергеу нәтижелері бойынша полиция толық ақпарат беретін болады.
Қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетіледі. Олардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар", - деді спикер.
Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев олардың отбасына тиісті көмек көрсетілетіні туралы айтқан болатын.
Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Сонымен қатар, Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов атыс кезінде қайтыс болған бесінші адам туралы айтты.
Бесінші адам - үйді сатып алған кісінің досы. Ол куәгер ретінде бірге келген", - деді Қанат Таймерденов арнайы брифингте.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.01.2026, 11:49 39156
Шымкентте әйел пышақ жарақатынан қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Шымкент қаласында әйел жол бойында пышақ жарақатынан қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жеке бас араздығы негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған", - деп жазды жергілікті ПД.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 08:04 38911
Жаңаөзенде дәрігер пышақ жарақатынан мерт болды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бүгін 28 қаңтарда сағат шамамен 14:00-де медициналық мекеменің дәлізінде терапевт дәрігерге ер адам шабуыл жасап, ауыр пышақ жарақатын салған. Соның салдарынан 29 жастағы жас маман қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кісі өлтіруге күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала анықталғандай, қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 21:32 43676
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
Достарға айту
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі рейс кезінде кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиға 2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 14:35 шамасында болған. №92 бағыттағы автобустың (борт нөмірі 2633) жүргізушісі - 1971 жылы туған Александр Степановтың денсаулығы күрт нашарлағаны туралы хабар КАП-2 диспетчерлік қызметіне түскен.
Оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында, автобус бағдаршамның тыйым салатын қызыл түсіне тоқтап тұрған сәтте болған. Жүргізушінің жағдайы аяқ астынан қиындаған. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізуші кабинасына кіріп, тежегішті басқан. Соның арқасында болуы мүмкін жол-көлік оқиғасының алдын алған.
Жолаушылар бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері жүргізушінің қайтыс болғанын анықтады. Алдын ала диагноз - жедел миокард инфаркті.
Алматыэлектротранс" баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші сол күні таңғы 06:10-да міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен. Ал автобус 06:24-те техникалық байқаудан өткізілген. 25 қаңтар оның 2/2 жұмыс кестесіне сәйкес маршрутқа шыққан алғашқы жұмыс күні болған.
- Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері жетті. Автобусқа техникалық зақым келмеген, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Тергеу шараларынан кейін көлік паркке жеткізілді, - делінген хабарламада.
Александр Степанов "Алматыэлектротранс" ЖШС-де 2023 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген. Жұмысқа қабылданған кезде және еңбек өтілі барысында диспансерлік есепте тұрмаған. Отбасылық жағдайы - ажырасқан.
Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, құқық қорғау органдарына толық қолдау көрсетіп жатқанын және заңнама аясында отбасына көмек беруге дайын екенін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 23:07 96561
Тайландта құрылыс кранының пойыз үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-ге жетті
Сурет: Department of Disaster Prevention and Mitigation of Bangkok
Достарға айту
Тайландта құрылыс кранының жолаушылар пойызының үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-адамға жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Тайландтың Накхонратчасима провинциясының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 14 қаңтардың кешіне қарай зардап шеккендердің жалпы саны 99 адамға жеткен. Оның ішінде 32 адам қаза тапқан, үш адам хабар-ошарсыз кеткен, қалғандары әртүрлі дәрежеде жарақат алған.
Бұған дейін 22 адамның қаза тапқаны және 79 адамның жараланғаны хабарланған еді. Алдын ала деректерге сәйкес, оқиға болған сәтте пойызда барлығы 195 жолаушы болған.
BBC дерегінше, апат 14 қаңтар күні таңертең Тайландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима провинциясында болған. Кранның құлауы салдарынан пойыз рельстен шығып, артынша өрт тұтанған. Қазір оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.
Корольдік билік апаттың себеп-салдарын анықтау үшін жан-жақты әрі мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қайғылы оқиға Тайландтағы көлік қауіпсіздігі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.
Осыған дейін Тайландтың солтүстік-шығысында құрылыс краны құлап, жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткені туралы жаздық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 15:03 96841
Тайландта құрылыс краны пойызға құлады: қаза тапқандар бар
Достарға айту
Тайландтың солтүстік-шығысында құрылыс краны құлап, жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, кем дегенде 22 адам қаза тауып, шамамен 80 адам жарақат алды, деп хабарлайды BBC.
Апат Бангкоктан солтүстік-шығысқа қарай 230 км жердегі Сихио ауданында болды.
Құрылыс краны жоғары жылдамдықты теміржол желісіндегі құрылыс жұмыстары кезінде пойызға құлады. Сол кезде бортта 195 жолаушы болған.
Зақымдалған вагондардан мәйіттерді шығару қиынға соқты.
Тайландтың құрылыс алаңдарындағы өлімге әкелетін апаттар сирек емес, бұл көбінесе стандарттар мен ережелердің сақталмауына байланысты.
Өткен жылы Бангкокта жер сілкінісінен кейін көпқабатты құрылыс алаңы құлап, 100-ден астам адам қаза тапты, бұл саладағы ұзақ уақытқа созылған мәселелерге назар аудартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 13:55 97081
Теміртауда 40-қа жуық көпқабатты үй жылусыз қалды
Достарға айту
Қатты аяз кезінде Теміртауда магистральдық жылу құбырының зақымдануынан екі шағынаудандағы үйлер жылусыз қалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Кеше кешкі уақытта 8-ші және Отрадное шағын аудандарын жылумен қамтамасыз ететін магистральдық жылу желісінде апат болды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Құбырдың жарылуынан шамамен 40 көпқабатты тұрғын үй, бірнеше жеке тұрғын үй, сондай-ақ бизнес және әлеуметтік нысандар жылусыз қалған. Оқиға дауылды күні болды, сол уақытта өңірде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеген.
Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтің айтуынша, зақым тозығы жеткен, 1970 жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген құбыр учаскесінде анықталды. Қалпына келтіру жұмыстарына мамандар мен апаттық-қалпына келтіру бригадалары жұмылдырылды. Барлық қажетті техника мен күштер қолданылып, ақауларды жою жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Әкімдік жұмыстардың барысы туралы қосымша хабарлайтынын жеткізді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгін сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақау толық жойылған. Қазіргі уақытта жүйені толтыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлерге жылу беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 10:39 119436
Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты
Достарға айту
Кеше, 6 қаңтарда Алматы маңында болған жол-көлік апатынан Үндістанның азаматтары зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Үндістанның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, олардың ішінде Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің төрт студенті және Үндістаннан келген бір турист болған.
Олар Шымкенттен Алматыға қарай жол жүріп бара жатқан жатқан. Екі адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Үндістанның Астанадағы елшілігі бұл қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері Раджастхан штатының тұрғындары Каран Пармар мен Риширадж Барайттың отбасыларына көңіл айтады. Сондай-ақ жарақат алған Раджастхан штатының тұрғындары Манжит Сингх Соланки мен Рахул Ядав және Гуджарат штатының тұрғыны, турист Бриджешкумар Бхараткумар Бхатиге тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген хабарламада.
Елшілік марқұмдар мен зардап шеккендердің отбасыларымен тұрақты байланыста және Қазақстанның жергілікті билік өкілдерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, барлық мүмкін консулдық көмекті көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға "Алматы - Бішкек" автожолының 86-шақырымында болған. Жол апатына қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлікті аударып алған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеде көз жұмды, ал тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 08:31 119671
Алматыда қоймадағы өрт түні бойы сөндірілді
Сурет: @emergovkz
Достарға айту
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі күштерімен Алматы қаласындағы Солтүстік айналма тасжолында орналасқан қоймадағы өрт 1900 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде қойма ғимаратында ашық жалынмен өрт болып жатқаны анықталған.
Өртті сөндіру жұмыстары жоғары шақырту деңгейі бойынша жүргізілді. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, сөндіруге жеке құрамнан 85 адам мен 22 техника жұмылдырылды.
Өрт аумағында үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылып, сөндіру жұмыстарына ТЖМ-нің автопоезы тартылды.
Өртті сөндіру ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері мен өрт жүктемесінің жоғары болуына байланысты күрделене түскен.
Сағат 02:11-де өрттің оқшауланғаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында жалынның жақын маңдағы ғимаратқа таралуына жол берілмеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.02.2026, 12:31Шанхайда метро құрылысы кезінде жолдың бір бөлігі опырылып түсті
09.02.2026, 22:39 205846Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады09.02.2026, 21:12 197851Қазақстан-Cербия ынтымақтастығының перспективалары ҚР СІМ-де талқыланды10.02.2026, 12:57 146706Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 146416Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 146191Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
21.01.2026, 10:52 217456Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 217356Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2159962025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді20.01.2026, 22:18 213206Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті19.01.2026, 15:15 212211Өнеркәсіптік объектілер үшін санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің жаңа қағидалары

