30.12.2022, 09:27 47221

Антикор Қазтеміртранс лауазымды тұлғаларының заңсыз баю схемасын әшкереледі

Олар жүк вагондарын бергені үшін кәсіпкерлерден пара алды деп күдіктелуде
Антикор Қазтеміртранс лауазымды тұлғаларының заңсыз баю схемасын әшкереледі
Сурет: Depositphotos
Астана. 30 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Жедел өңдеу нәтижелері бойынша Қазақстан Темір Жолы еншілес кәсіпорындарының бірінің, атап айтқанда Қазақстан Республикасы жүк вагон паркінің ірі операторы болып табылатын "Қазтеміртранс" акционерлік қоғамының лауазымды адамдарын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы ашылып, жолы кесілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамның және оның өңірлік филиалдарының лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайларда осындай тапшылықты жасанды түрде жасай отырып, проблемаларды шешудің орнына, осы жағдайды өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарында пайдалана отырып, жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды", - деп хабарлады Антикор.


Тұрақты пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысты.

Ақша қаражаттары, әдетте, лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының карт-шоттарына аударылып отырған. Қоғамның Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жүйелі түрде бару арқылы жұмсаған", - деп нақтылады баспасөз қызметі.


Антикордың мәліметтері бойынша, Қоғамның Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деп күдіктелуде.

Барлық аталған адамдар ұсталды және тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды", - деп қосты ведомствода.


Сондай-ақ, ақшалай қаражатты заңсыз алуда Қызылорда филиалының басшысы мен Қоғамның орталық аппаратының бірқатар қызметкерлері әшкереленді.

Басқа лауазымды тұлғалардың қатысуы тексерілуде.

Айта кетсек, жүк вагондарының уақтылы жеткізілмеуіне байланысты жүк жөнелтуші кәсіпорындар жеткізілімдердің бұзылуына жол береді, үлкен шығындарға ұшырайды және пара беру арқылы өз мәселелерін шешуге жүгінуге мәжбүр. Сонымен бірге, бұл шығындардың барлығы тауарлар бағасының өсуіне әсер етеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.


ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді барлық мәселелерді тек құқықтық салада шешуге шақырады. Осындай фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда Агенттіктің 1424 нөмірі бойынша Call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұған дейін хабарланғандай, Антикор ҚТЖ жұмысында көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны