20.09.2021, 17:45 7906

АШМ ведомстволық бағынысты кәсіпорнының басшылығы сыбайлас жемқорлыққа күдікті

Аталған тұлға тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталуда.
НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚЫРКҮЙЕК - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК басшылығына қатысты айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Аталған тұлға "Фитосанитария" ШЖҚ РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталуда.
 

Барлық ұсталған адамдар тергеумен ынтымақтастыққа келді және мойындау айғақтарын беруде. Күдіктінің кінәлілігі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны