22.06.2026, 09:42 621

Астана - Қорғалжын тасжолындағы жол апатынан кейін екі көлік өртеніп, бес адам қаза тапты

Астана - Қорғалжын тасжолындағы жол апатынан кейін екі көлік өртеніп, бес адам қаза тапты
Сурет: Instagram/716.kz
21 маусым күні Астана – Қорғалжын автожолында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына үш көлік – Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser түскен.

Соқтығысудан кейін екі Toyota автокөлігі өртеніп кеткен. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Бұған дейін, Арыс қаласында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны