02.06.2008, 10:28 1457

Астанада су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды

Астанада су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 1 маусымда 10 сағат 30 минутта диаметрі 300 мм су құбырының жарылуынан 14 үй сусыз қалды.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, төтенше жағдайды жою жұмыстарына "АстанаСуАрнасы" МКК апатты жою тобының 4 адамы және 1 арнайы техникасы жұмылдырылды. 2 маусымда 01 сағат 15 минутта қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны