10.12.2021, 21:02 138867

Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Сурет: holanews.kz
АТЫРАУ. 10 ЖЕЛТОҚСАН - Атырау облысы әкімінің орынбасары мен өңірлік мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды.
 
БАҚ мәліметінше, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. 
 

Оларды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Нұр-Сұлтаннан Атырауға арнайы барған бір топ қызметкері ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл пара оларға тендер үшін берілген", - деп жазды басылым.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны