21.04.2022, 17:02 13736

Қазақстанда жалған ақша жасаушылардан 67 мың сомадағы жалған доллар тәркіленді

Осы жылдың 1 тоқсанында ҚМА аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерімен жалған ақша жасаудың 12 фактісі тіркелді.
НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - Осы жылдың 1 тоқсанында Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерімен жалған ақша жасаудың 12 фактісі тіркелді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның ішінде 7 жағдай Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстанда 2 және Маңғыстау облысында 2 жағдай, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тағы бір фактіден тіркелді.
 
Қабылданған шаралар жалған банкноттардың сатылуына жол бермеді. Олардың жалпы саны 67 мың АҚШ долларын құрайтын 1200 данадан асады.
 

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 АҚШ доллар, номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын 1114 жалған банкнот тәркіленді. Тергеу нәтижесі сотқа жіберілді", - деп бөлісті ведомствода.

 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
 
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және валютаны ауыстыру кезінде қолданыстағы заңнаманын нормаларына сәйкес тек екінші деңгейлі банктерге немесе ресми айырбастау пунктеріне жүгінуге шақырады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны