27.05.2021, 23:58 16117

Бас прокуратура: адам саудасына байланысты қылмыс 2 есе өсті

НҰР-СҰЛТАН. 27 МАМЫР - Ресми мәліметтер бойынша, 2021 жылы адам саудасына байланысты 68 қылмыс тіркелген. Бұл туралы ОКҚ брифингі барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Шалабаев хабарлағандай, 2021 жылы адам саудасына байланысты 68 қылмыс тіркелген.
 

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Жоғары жасырындылықты түсіне отырып, біз полиция назарын адамдар трафигі үшін "қолайлы" жерлерде рейдтік іс-шараларды жандандыруға аударамыз. Бұл негізінен жезөкшелікпен айналысуға арналған орындар. Бұдан басқа, шалғай орналасқан шаруашылықтар, жайылымдық жерлер, қыстаулар назардан тыс қалмайды", - деп мәлімдеді Серік Шалабаев.

 
Сондай-ақ, ол адам саудасына қарсы тұруда азаматтардың қырағылығы маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Қаскүнемдер жастарды шетелде жоғары ақы төленетін жұмысқа орналастыру туралы уәделермен азғыратын жағдайлар болады. Нәтижесінде олар шет елде тұзаққа түседі.
 
Бұған дейін Шалабаев баланың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы уақытылы хабарламаған мұғалімдерге, тәрбиешілерге, дәрігерлерге қатысты 26 іс қозғалғанын айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны