23.09.2021, 21:00 12077

Бес адамды өлтірген алматылық атқыш екі айға қамауға алынды

АЛМАТЫ. 23 ҚЫРКҮЙЕК - Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ақбұлақ ықшамауданындағы атыс кезінде бес адамды өлтірген күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы қаулы шығарды. Бұлтартпау шарасының мерзімі 20 қыркүйектен бастап есептеледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Естеріңізге сала кетейік: 20 қыркүйекте Алматы қаласында меншік құқығы туралы сот шешімін орындау кезінде үйден шығарылған тұрғын аңшылық мылтықтан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері, сот орындаушысы және мүліктің жаңа иесі қайтыс болды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі және одан да көп адамға қатысты кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға тараптары өз нұсқаларын айтты
 
23 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны