03.06.2021, 19:15 14685

Денис Теннің өліміне қатысты сотталған әйел түрмеге оралды

АЛМАТЫ. 3 МАУСЫМ - Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаеваны түрмеге қайтарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Апелляциялық шағым Іле аудандық сотының сотталған Ж.Толыбаеваның "Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы" қаулысының күшін жойды", - деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

 
Сотталған Жанар Толыбаева жазасын одан әрі өтеу үшін ЛА-155/4 мекемесіне қайтарылды. 
 
Сотта, ұсынылған материалдарға сәйкес, "сотталған адам түзету жолына түспеді, ал бірінші сатыдағы сот өтінішті қарау кезінде жәбірленушінің пікірін ескермеді" деп түсіндірді.
 
Еске сала кетейік, 2019 жылғы 17 қаңтардағы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Толыбаева Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша 4 жылға сотталды. 2019 жылғы желтоқсанда сотталған әйел заңда белгіленген бас бостандығынан айыру мерзімінің үштен бір бөлігін өтеп, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішпен сотқа жүгінді. Іле аудандық сотының 2020 жылғы 6 қаңтардағы қаулысымен бас бостандығынан айырудың қалған мерзімін бас бостандығын шектеуге ауыстыра отырып, өтініш қанағаттандырылды.
 

2021 жылдың қаңтарында жәбірленуші тарап аталған қаулыға Алматы облыстық сотына шағым беру мерзімін қалпына келтіре отырып, жеке шағым жеткізді. Сот алқасының 2021 жылғы 19 наурыздағы қаулысымен Іле аудандық сотының 2020 жылғы 6 қаңтардағы қаулысының күші жойылды, жәбірленуші мен оның өкілдерінің жеке шағымы қанағаттандырылды", - деп жалғастырды сотта.

 
2018 жылдың жазында Денис Теннің өлімі бүкіл елді дүр сілкіндірді. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді 2018 жылдың 19 шілдесі күні түстен кейін автокөлігінен айнаны ұрлауға тырысқан кезде ұсталған ұрылар пышақпен жарақаттады. Ауыр халде, көп қан жоғалтумен Денис ауруханаға жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны