29.06.2023, 16:35 24846

Іле-Балқаш қорығы аумағында бес тәулік бойы өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде

Өрттің жалпы аумағын резерват қызметкерлері анықтайды
Іле-Балқаш қорығы аумағында бес тәулік бойы өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде
Сурет: ТЖМ
Іле-Балқаш резерватының аумағында бірлескен күш-жігермен өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруді бірнеше жылдар бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейінгі қамыс қалдығы қиындатады, онда авиацияны қолдана отырып өртті сөндіруге қарамастан, жану жалғасуда.

Өрт автотехникасының өтуі мүмкін емес және өрт орнына жету қиын болғандықтан, қол құралдарын: хлопушкаларды, мотопомпаларды және шанц құралдарын пайдалану арқылы өрт жер үсті тәсілімен сөндірілуде.

Сондай-ақ, жел бағытын ескере отырып, өрт ошақтарын қарама-қарсы өртпен сөндіру әдісі қолданылады.

Сондай-ақ, Қазавиақұтқару тікұшағы су ағызу құрылғысын қолдана отырып, су төгуді жалғастыруда.

Өртті сөндіруге 80 адам және 22 техника жұмылдырылды.

Бүгін 29 шілде "Қазавиаорманқорғау тікұшағымен резерваттағы жағдайды айналып ұшып бағалау және жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіру үшін десант жеткізілетін болады.

Өрттің жалпы аумағын резерват қызметкерлері анықтайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны