13.07.2022, 18:31 19506

Кәрім Мәсімовтің ағасы шекарадан өту кезінде ұсталды

Кәрім Мәсімовтің ағасы шекарадан өту кезінде ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - Шекарадан өтпек болған іздеуде жүрген Нұрлан Мәсімов ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылғы 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады.
 
Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.
 
Бұған дейін хабарланғандай, 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімов аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін іздестірілуде.
 
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Нұрлан Мәсімовтің орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 млн теңгеге дейін сыйақы қарастырылғанын атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны