27.12.2021, 18:52 15201

Өмірді жалмаған селфи: теміржолда үш күнде екі жасөспірім қайтыс болды

Өмірді жалмаған селфи: теміржолда үш күнде екі жасөспірім қайтыс болды
Сурет: Pixabay

НҰР-СҰЛТАН. 27 ЖЕЛТОҚСАН - Теміржолда балалардың қатысуымен қайғылы жағдайлар жиілеп кетті – соңғы үш күнде екі жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Тараз станциясында пойыз вагонында селфи жасау әрекеті кезінде 15 жастағы жасөспірім түйіспелі сымдағы токтан қаза тапты.

Осыған ұқсас оқиға бүгін, ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Алматы станциясындағы қабылдау-жөнелту паркінде орын алды. Селфи жасаған екі жасөспірім жоғары кернеулі ток разрядын алды. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды. Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ қазақстандықтарға теміржол көлігі нысандарында мұқият болуды және өз өмірлеріне қауіп төндірмеуді сұрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны