21.09.2021, 21:30 8233

Нұр-Сұлтанда "Қазақмыс" ғимаратында өрт сөндірілді

Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жанған.
НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚЫРКҮЙЕК - "Қазақмыс" корпорациясы ғимаратындағы өрт 19:22-де сөндірілді.
 
Соңғы мәліметке сай, елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 19:10 минутта ауыздықталды. Өрт шамамен 60 шаршы метрді шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
 
Естеріңізге сала кетейік, 18:33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында болған өрт орнына жеке құрамнан 44 адам мен 11 техникасы шақыртуға шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жанған.

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны