16.02.2022, 20:13 35591

Нұр-Сұлтанда экстремистік топ мүшелері ұсталды

Нұр-Сұлтанда экстремистік топ мүшелері ұсталды
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
НҰР-СҰЛТАН. 16 АҚПАН - 2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қ. сотқа дейінгі тергеу шеңберінде деструктивті діни ағым ұстанушылар тобын құрықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Олар Қазақстан аумағында сот шешімімен тыйым салынған діни ұйымға қатысты және экстремистік әрекет ұйымдастыру үшін адамдарды тартты деп күдіктелуде.
 
Ұсталғандардың екеуінің жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны және ұрлық үшін сотталғандығы бар.
 
Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізу кезінде экстремистік мазмұндағы әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
 
Тергеу іс-қимылдары жалғасуда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны