29.11.2021, 19:40 93155
Риддер полициясының басшысы қызметінен босатылды, оның қарамағындағы қызметкеріне қатысты тергеу жүргізілуде
Сурет: Pixabay.com
Достарға айту
Кешелі бері әлеуметтік желілерде Риддердегі уақытша ұстау изоляторы бастығының қол астындағы қызметкерді зорлағандығы жайлы ақпарат тарап кетті. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осыған қатысты түсінік берді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізуде. Ол ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - делінген ақпаратта.
Құқық қорғау органдарының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылған.
Сондай-ақ оның тікелей басшылары және қалалық полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылды. Бүгінде жеке құрам арасындағы заңдылық пен қызметтік тәртіп мәселелері ішкі істер органдарының қызметінде басым бағыттың бірі болып отыр. Өз қатарымызды тәртіп бұзушы қызметкерлерден тазарту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз", - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.03.2026, 22:56 57606
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт: алты адам медициналық көмекке жүгінді
Сурет: ҚР ТЖМ
Достарға айту
Семей қаласындағы Шұғаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін алты адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиға орнына жедел жәрдемнің бес бригадасы жіберілді. Дәрігерлерге жүгінгендердің ішінде үшеуі ересек, үшеуі бала.
Екі ересек адам мен бір бала медициналық тексеруден бас тартып, оқиға орнынан өз бетінше кеткен. Олар қаладағы медициналық мекемелерге жүгінбеген.
Бір науқас көмірқышқыл газынан улану диагнозымен нефрология орталығына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Тағы екі бала жеке көлікпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді.
Қазіргі уақытта бұдан басқа медициналық көмекке жүгінгендер тіркелген жоқ. Медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Ведомство өкілдері әлеуметтік желілерде тараған түрлі ақпаратқа да түсініктеме берді.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын мәліметтер тарап жатыр. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылғаны хабарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 21:50 57836
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды
Достарға айту
Төтенше жағдайлар министрлігі Семейдегі Шұғаев көшесіндегі ойын-сауық орталығындағы өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өртті толықтай сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Оқиға орнына 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ғимараттың едені опырылып түскен. Сондай-ақ өртті сөндіруге жоғары өрт жүктемесі, қатты түтін және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері кедергі келтіріп отыр.
Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінде сенім телефоны ашылған: 8 (7222) 35-38-36.
Қазіргі кезде төтенше жағдайды жоюға арналған арнайы өрт сөндіру жедел штабы құрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.03.2026, 09:03 59666
ТЖМ құтқарушылары газ құю станциясындағы өртті сөндірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін Ақтөбе қаласында, Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануынан жарылыс болып, жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
ТЖД күштері оқиға орнына қысқа мерзімде жетті. Өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнындағы жұмыстарды Ақтөбе облысы ТЖД бастығы, полковник Қаһарман Оразалин үйлестірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 11:49 113301
Шымкентте әйел пышақ жарақатынан қаза тапты
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Шымкент қаласында әйел жол бойында пышақ жарақатынан қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жеке бас араздығы негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған", - деп жазды жергілікті ПД.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2026, 08:04 113056
Жаңаөзенде дәрігер пышақ жарақатынан мерт болды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бүгін 28 қаңтарда сағат шамамен 14:00-де медициналық мекеменің дәлізінде терапевт дәрігерге ер адам шабуыл жасап, ауыр пышақ жарақатын салған. Соның салдарынан 29 жастағы жас маман қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кісі өлтіруге күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала анықталғандай, қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 21:32 117821
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
Достарға айту
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі рейс кезінде кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оқиға 2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 14:35 шамасында болған. №92 бағыттағы автобустың (борт нөмірі 2633) жүргізушісі - 1971 жылы туған Александр Степановтың денсаулығы күрт нашарлағаны туралы хабар КАП-2 диспетчерлік қызметіне түскен.
Оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында, автобус бағдаршамның тыйым салатын қызыл түсіне тоқтап тұрған сәтте болған. Жүргізушінің жағдайы аяқ астынан қиындаған. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізуші кабинасына кіріп, тежегішті басқан. Соның арқасында болуы мүмкін жол-көлік оқиғасының алдын алған.
Жолаушылар бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері жүргізушінің қайтыс болғанын анықтады. Алдын ала диагноз - жедел миокард инфаркті.
Алматыэлектротранс" баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші сол күні таңғы 06:10-да міндетті рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен. Ал автобус 06:24-те техникалық байқаудан өткізілген. 25 қаңтар оның 2/2 жұмыс кестесіне сәйкес маршрутқа шыққан алғашқы жұмыс күні болған.
- Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері жетті. Автобусқа техникалық зақым келмеген, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Тергеу шараларынан кейін көлік паркке жеткізілді, - делінген хабарламада.
Александр Степанов "Алматыэлектротранс" ЖШС-де 2023 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген. Жұмысқа қабылданған кезде және еңбек өтілі барысында диспансерлік есепте тұрмаған. Отбасылық жағдайы - ажырасқан.
Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, құқық қорғау органдарына толық қолдау көрсетіп жатқанын және заңнама аясында отбасына көмек беруге дайын екенін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 23:07 170706
Тайландта құрылыс кранының пойыз үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-ге жетті
Сурет: Department of Disaster Prevention and Mitigation of Bangkok
Достарға айту
Тайландта құрылыс кранының жолаушылар пойызының үстіне құлауы салдарынан мерт болғандар саны 32-адамға жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Тайландтың Накхонратчасима провинциясының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 14 қаңтардың кешіне қарай зардап шеккендердің жалпы саны 99 адамға жеткен. Оның ішінде 32 адам қаза тапқан, үш адам хабар-ошарсыз кеткен, қалғандары әртүрлі дәрежеде жарақат алған.
Бұған дейін 22 адамның қаза тапқаны және 79 адамның жараланғаны хабарланған еді. Алдын ала деректерге сәйкес, оқиға болған сәтте пойызда барлығы 195 жолаушы болған.
BBC дерегінше, апат 14 қаңтар күні таңертең Тайландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима провинциясында болған. Кранның құлауы салдарынан пойыз рельстен шығып, артынша өрт тұтанған. Қазір оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.
Корольдік билік апаттың себеп-салдарын анықтау үшін жан-жақты әрі мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қайғылы оқиға Тайландтағы көлік қауіпсіздігі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.
Осыған дейін Тайландтың солтүстік-шығысында құрылыс краны құлап, жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткені туралы жаздық.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 15:03 170986
Тайландта құрылыс краны пойызға құлады: қаза тапқандар бар
Достарға айту
Тайландтың солтүстік-шығысында құрылыс краны құлап, жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, кем дегенде 22 адам қаза тауып, шамамен 80 адам жарақат алды, деп хабарлайды BBC.
Апат Бангкоктан солтүстік-шығысқа қарай 230 км жердегі Сихио ауданында болды.
Құрылыс краны жоғары жылдамдықты теміржол желісіндегі құрылыс жұмыстары кезінде пойызға құлады. Сол кезде бортта 195 жолаушы болған.
Зақымдалған вагондардан мәйіттерді шығару қиынға соқты.
Тайландтың құрылыс алаңдарындағы өлімге әкелетін апаттар сирек емес, бұл көбінесе стандарттар мен ережелердің сақталмауына байланысты.
Өткен жылы Бангкокта жер сілкінісінен кейін көпқабатты құрылыс алаңы құлап, 100-ден астам адам қаза тапты, бұл саладағы ұзақ уақытқа созылған мәселелерге назар аудартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.03.2026, 10:04Зайсан ауданында "Ғасыр әже" ансамблінің мүшелері референдум учаскесінде дауыс берді 15.03.2026, 09:17 6581Референдум басталды: ел халқы өз таңдауын жасайды15.03.2026, 14:23 3566Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы15.03.2026, 15:00 2781Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді15.03.2026, 16:14 2346Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы
12.03.2026, 13:25 118201Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының сессиясында ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыруға шақырды12.03.2026, 14:07 116746Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды12.03.2026, 15:10 116451Астанада Қазақстан-Бельгия саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті12.03.2026, 18:13 116131Шэньси халық үкіметі Қазақстандағы конституциялық реформаларды жоғары бағалады12.03.2026, 19:16 115811Мажарстанның Мемлекеттік жиналысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірілді
04.03.2026, 10:54 237961Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230176Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229636Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229621Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229586Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

