05.03.2010, 11:16 2534

Шығыс Қазақстан облысында көмір тиелген вагонның шойын жолдан шығуы салдарынан жолаушылар пойызы 10 сағат кешікті

Шығыс Қазақстан облысында көмір тиелген вагонның шойын жолдан шығуы салдарынан жолаушылар пойызы 10 сағат кешікті

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында Шаған - Известковая өткелінде көмір тиелген вагонның шойын жолдан шығуы салдарынан Астана мен Лениногорск арасында қатынайтын №375 жолаушылар пойызы 10 сағат кешікті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3 наурызда Шаған - Известковая өткелінде, Семей - Дегелен теміржолының 257-ші шақырымында сағат 21.40-та көмір тиелген №308 жүк пойызының 9 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Соның салдарынан Астана мен Лениногорск арасында қатынайтын №375 жолаушылар пойызы 10 сағат кешікті.

ТЖМ мәліметінше, жүк пойызының құрамы көмір тиелген 55 вагоннан тұрады. Апат бір вагонның дөңгелектер жұбы бұзылуы салдарынан болған. Соның салдарынан 200 метр теміржол төсеміне ақау келді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"4 наурызда сағат 12.15-те жоалушылар пойызы алған бағытына қарай бет алды. Апатты жоюға 2 қалпына келтіруші пойыз, 2 теміржол тұғырнамасы, 2 "ЗиЛ" көлігі, 2 теміржол краны мен Семей теміржол бөлімшесінің 150 адамы қатысты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны