27.06.2023, 15:34 29921

Шығыс Қазақстанда Приморск орманшылығының аумағында өртті сөндіруде

Елді мекендерге қауіп жоқ
Шығыс Қазақстанда Приморск орманшылығының аумағында өртті сөндіруде
Сурет: ТЖМ
2023 жылғы 26 маусымда сағат 17.29-да Ұлан ауданындағы "Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ (Приморск орманшылығы) аумағында шамамен 5 га аумаөта құрғақ шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Шығыс Қазақстан облысы авиация бөлімшесінің МИ-8 тікұшағы өртті сөндіру үшін десант пен су жеткізді.

27 маусымда таңертеңнен бері ашық жанып жатқан жерлер жоқ. Өрт шыққан жерде орманшылардан, ШҚО ТЖД-дан және жергілікті атқарушы органдардан 126 адам жекелеген түтін нүктелерін сөндіруде, 18 бірлік техника жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жетуі қиын таулы, жартасты жерлермен қиындатылған. Елді мекендерге қауіп жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны