23.02.2023, 10:05 21011

Шымкенттегі GAP қаржы пирамидасын ұйымдастырушы алты жылдан астам уақытын темір тордың ар жағында өткізеді

33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асты
Шымкент. 23 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Шымкентте GAP қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс аяқталды, оны ұйымдастырушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА-да айтылғандай, еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды.

Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асты.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың наурыз айында Шымкентте GAP өндірістік кооперативінің атымен жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны