26.04.2021, 21:48 19971

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы дәрігерлерді жаппай жұқтырды және қаруды заңсыз сақтады деп айыпталды

НҰР-СҰЛТАН. 26 СӘУІР - Нұр-Cұлтанның Есіл сотында "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды.
 
Судья Қанат Дүйсембиевтің айтуынша, Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы "Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану", сондай-ақ 287-баптың 2-бөлігі "Ұңғысыз атыс қаруын, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қаруды, сол сияқты олардың патрондарын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қаралуда.
 
Прокурор Дастан Купербаев СК-Фармацияның бұрынғы басшысының заңсыз әрекеттеріне байланысты Қазақстанның екі мыңнан астам дәрігері коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Ақпарат көзі: sputnik.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны