07.06.2022, 15:52 17701

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет $1 млн бопсалаған алаяқтар тобын әшкерелеу бойынша арнайы операция өткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет $1 млн бопсалаған алаяқтар тобын әшкерелеу бойынша арнайы операция өткізді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 7 МАУСЫМ - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операцияның нәтижесінде өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып күзет фирмасының басшылығынан олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алаяқтар тобының құқыққа қарсы әрекеттері фирманың өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды. Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.

 
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде.
 
Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны