29.08.2021, 20:03 6895

Тұрғындардың барлығы дерлік үйлеріне оралды - Ермекбаев Жамбыл облысындағы жағдай туралы

ТАРАЗ. 29 ТАМЫЗ - Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыкемер кентінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, халықтың қауіпсіздігін 100% қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әскери қызметшілер ошақтарда жұмыс істеуде, өрттің барлығы сөндірілді, 2 жалынсыз қойма бар, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Сақтау базасының қоршауына жақын жерде салынған бірнеше үйді қоспағанда, барлық тұрғындар үйлеріне оралды.
 
Бұған дейін Қорғаныс министрі өрттен зардап шеккен қойма аумағын аралап көрді, оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрімен және Жамбыл облысының әкімімен кеңес өткізді. Өрт салдарын жою бойынша бірлескен іс-қимылдар үйлестірілді.
 
Әскери саперлер теміржол учаскесі мен жақын маңдағы елді мекендерге инженерлік барлау және тазалау жұмыстарын жүргізді. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға таралды. Өртті оқшаулау мүмкін болмай ол басқа қоймаларға таралды. Өрт шығып, 10-нан астам инженерлік оқ-дәрілер жарылды. Нәтижесінде жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. 
 
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Премьер-Министр Асқар Маминнің өкімімен 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған өрт пен жарылыстың салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
 
Президент 29 тамызды Жамбыл облысында оқ-дәрілердің жарылысы кезінде қаза болғандарды аза тұту күні деп жариялады

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны