28.04.2023, 16:47 33961

Талдықорғанда Серік Құдебаевқа үкім шығарылды

Талдықорғанда Серік Құдебаевқа үкім шығарылды
Сурет: Серік К?дебаев / ?Р ІІМ
Сот оған құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 10 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазаны тағайындады

Талдықорған. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Құдебаевқа үкім шығарылды, деп хабарлады Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот К.-нің полиция департаментінің бастығы және сол кезде облыс коменданты ретінде, жедел жағдайдың күрделілігін ескере отырып 2022 жылғы 5 қаңтарда сағат 17.00-де, қажет болған жағдайда атыс қаруын қолдана отырып, мүлікті қорғауды, ғимаратқа төнген шабуылға сөзсіз тойтарыс беруді көздейтін Департамент ғимаратын қорғау жөніндегі "КАМАЛ" арнайы жедел жоспарын енгізгенін анықтады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Алайда, сағат 18.20-да К. жеке құрамға қорғаныс шараларын қолданбауға, Департамент ғимаратынан кетуге және тұрғылықты жерлеріне тарауға бұйрық берді (яғни беруге құқығы жоқ бұйрық берді), ал өзі қызметтік көлікпен өзіне сеніп тапсырылған учаскені тастап кеткен. Нәтижесінде шабуылшылар ғимаратқа еркін кіріп, сол жерде орналасқан әскери қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденген.

2022 жылдың 7 қаңтарында полиция департаментінің қызметкерлері жауынгерлік қарумен қаруланып, К.- нің нұсқауы бойынша әрекет ете отырып, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуы мүмкін бейбіт тұрғындарды ұстап алып, оларды полиция департаментінің ғимаратына жеткізе бастаған, сағат 13.33-те қала тұрғындарын заңсыз ұстаған", - деді соттың баспасөз қызметі.


Осы уақытта К. аулада полиция қызметкерінің жерде жатқан ұсталған азаматтың іш аймағынан қалай тепкенін көрген. Тергеумен анықталмаған полиция қызметкерлерімен адамдар тобында әрекет ете отырып, жәбірленушіге физикалық ауырсыну тудыруға үнсіз жол берген. Бұдан әрі жәбірленушілер Департамент ғимаратына жеткізіліп, ол жерде оларға қатысты азаптау жалғасқан.

Сот жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, К.-ні ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі, 146-бөлігі 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 10 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазаны тағайындады. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді", - деп қосты баспасөз қызметі.


Сот К.-ні "генерал-майор" арнайы атағынан айыра отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне оған қатысты "Данқ" және 2-дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны