16.06.2022, 15:53 13896

Теміртаудағы ЖЭО-да жұмысшы қаза тапты

Теміртаудағы ЖЭО-да жұмысшы қаза тапты
Сурет: Depositphotos
ТЕМІРТАУ. 16 МАУСЫМ - Теміртаудағы жылу орталығында жұмысшы қаза тапты.
 
Теміртау қаласында "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қарасты жылу электр орталығында жұмысшы қаза тапты. 35 жастағы азамат 7- нші қазандықты жөндеу кезінде биіктен құлап кеткен. Қарағанды облыстық әкімдігінің ресми ақпаратына сүйенсек, ол- компанияға тиесілі серіктестіктің қызметкері. Бұл мекеме келісімшарт арқылы "Арселор Миттал Теміртау"- дың жылу қазандығының жөндеу жұмыстарын жүргізеді. 
 
Еске салсақ, бірнеше күн бұрын компанияның металлургия комбинатында тағы 4 адам қаза тапқан болатын. Бір азамат ауруханада жатыр. Олар ыстық пешті жөндеу кезінде бастырылып қалған. Апаттың себебін арнайы комиссия келесі апта жариялайды.
 
Ақпарат көзі: astanatv.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны