17.04.2023, 21:15 24091

Жаңаөзенде үйінділерді талдау жұмыстары аяқталды

Сағат 18.15-те барлық авариялық-құтқару және үйінділерді талдау жұмыстары аяқталды
Жаңаөзенде үйінділерді талдау жұмыстары аяқталды
Сурет: gov.kz
Жаңаөзен. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Сағат 18.15-те барлық авариялық-құтқару және үйінділерді талдау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігі комиссия құрды. Осы комиссия орын алған жарылыстың мән-жайын анықтап, келтірілген залалды анықайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.).

ТЖ салдарынан төрт адам қаза тапты. Қаза тапқандардың арасында ер адам, екі әйел және үш жасар бала бар. 10-нан астам адам зардап шекті, 6 адам ауруханаға жатқызылды.

ТЖ орнында ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңаөзендегі тұрғын үйдегі жарылыстың себебі газ-ауа қоспасының жарылысы болған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны