18.04.2023, 13:25 21136

Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару сақталған орын табылды

Қаңтар оқиғасы кезінде облыстық ПД қоймасынан 9 мм калибрлі "МР-446" маркалы тапаншасы ұрланған
Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару сақталған орын табылды
Сурет: gov.kz
Тараз. 18 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылындағы қараусыз қалған зауыттың аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар орынды тапты, деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде облыстық ПД қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі "МР-446" маркалы тапаншасын, сондай-ақ 16 калибрлі "ИЖ" маркалы бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі "ИЖ 18-Е" маркалы бір оқпанды аңшылық мылтықты, 16 калибрлі "ИЖ 18" маркалы аңшылық мылтықты, Ф-10 маркалы жауынгерлік сынық гранатаны, жарық-шу гранатаны, қорғаныс кеудешені, 5,45х39 мм калибрлі 200 патронды тәркіледі", - деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.


Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287 - бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны