11.06.2021, 21:03 18588

Жамбыл облысындағы жанжал атыс пен өлімге әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасымен аяқталды

ТАРАЗ. 11 МАУСЫМ - Жамбыл облысындағы ер адамдар арасындағы жанжал оқ атумен және өлімге әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасымен аяқталды.
 
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов 2021 жылғы 9 маусымда сағат 21:20-да Меркі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын xабарласып, белгісіз адамдар олардың фазендаларына келіп, біреуі ағасына оқ атқаны туралы айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.
 

Полицейлер оқиға орнына келген соң шаруа қожалығының иесі мен жергілікті үш тұрғынның арасында жанжал туындағаны, оның барысында ер адамдардың бірі фазенда иесіне тіркелген тегіс ұңғылы мылтықтан оқ атып кеткені анықталды. Алайда жарақат алған ер адам оларды өз көлігімен қуған, соқтығысу барысында екінші көліктің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмып, жолаушысы жарақаттанған. Аяғы мен қолынан бытыра оғынан жарақат алған ер адам Меркі ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полицияда.

 
Жанат Сүлейменов қазіргі уақытта аталған оқиғаның барлық қатысушылары ұсталғанын, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайы анықталуда.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны