09.02.2023, 09:12 23056

Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан күдікті Беларусьтен экстрадицияланды

Ол 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан күдікті Беларусьтен экстрадицияланды
Сурет: Polisia.kz
Тараз. 9 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен "А" азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады. Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды", - деп хабарлады ведомстводан.


Қазақстанның заңнамасына сәйкес, жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны