27.11.2025, 07:55 5836
Гонконгтағы өрт: үш құрылысшы қамауға алынды
Достарға айту
Гонконгтың Тай Поауданындағы "Ван Фук Корт" тұрғын үй кешеніндегі өрт әлі сөнген жоқ. Тілсіз жаудан мерт болғандардың саны 44-ке жетті, деп хабарлайды Inform.kz.
Өрт сөндірушілер түннен бері жұмыс істеп жатыр. Бірақ қатты ыстық пен қою түтін 32 қабатты мұнаралардың жоғарғы қабаттарына шығуды қиындатты.
Полиция төрт көпқабатты үйдегі өрттің ауыздықталғанын хабарлады. Билік бұған дейін өрт 7 ғимаратты шарпығанын хабарлаған болатын.
Құзырлы органдар ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясының үш азаматын қамауға алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.04.2025, 12:50 30836
Қытайдың сыртқы саудасы 2025 жылдың бірінші тоқсанында 5%-ға өсті
Достарға айту
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қытайдың сыртқы сауда көлемі 10,17 триллион юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артты. Бұл көрсеткіш алты тоқсан ішіндегі ең жоғары өсім, деп хабарлайды nazarmedia.kz
- Экспорт көлемі 5,74 трлн юаньға жетіп, 4,9%-ға өсті
- Импорт көлемі 4,43 трлн юаньды құрап, 5%-ға артты
- "Бір белдеу, бір жол" бастамасына қатысушы елдермен сауда 5,5%-ға өсіп, 4,82 трлн юаньға жетті. Бұл Қытайдың жалпы сыртқы саудасының 47,4%-ын құрайды
Генералдық кеден басқармасы төрағасының орынбасары Ван Линцзюньнің айтуынша, бұл - Қытайдың сыртқы сауда көлемі бірінші тоқсанда алғаш рет 10 трлн юаньнан асқан жағдай.
Бұл деректер Қытайдың жаһандық саудадағы тұрақты өсімі мен әртараптандырылған серіктестік байланыстарының нәтижесін көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.06.2024, 17:30 55511
Иранда президент сайлауы басталды
Достарға айту
Бүгін, 28 маусымда Иранда кезектен тыс президент сайлауы басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Тasnim ақпарат агенттігігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Елдің жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи сайлау процесі басталған бойда дауыс беріп, барша ирандықтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Ол сондай-ақ дауыс бергеннен кейін Иран халқы үшін ең жақсы күндер мен жылдар үшін дұға етті. Сайлау күнін ирандықтар үшін "бақыт пен қуаныш күні" деп сипаттаған Хаменеи алдағы бірнеше жылдағы елдің тағдырын белгілейтін президенттік сайлауға келу бәрінен де маңызды екенін баса айтты.
"Иран Ислам Республикасының әлемде жалғасуы, абыройы, қадірі мен қуаты халықтың бар болуына байланысты", - деді Хаменеи.
Ел бойынша сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы сағат 8:00-де ашылды және сайлау процесі он сағатқа созылады. Бірақ қажет болған жағдайда елдің Ішкі істер министрлігі сайлау мерзімін ұзарта алады. Ел ішінде және шетелде жалғасып жатқан сайлауға 61 миллион 450 мыңнан астам ирандық сайлаушы қатыса алады. 2006 жылдың 28 маусымында немесе одан бұрын туған ирандық дауыс беруге құқылы.
Республика бойынша 59 мыңға жуық сайлау учаскесі, оның ішінде 15 мыңнан астам жылжымалы учаскелер құрылған. Шетелдегі Иран азаматтарының қатысуы үшін 100 елде барлығы 340 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.
Сайлау мамыр айында Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болуына байланысты мерзімінен бір жыл бұрын өткізіліп жатыр. 1979 жылы Ислам революциясының жеңісінен бергі 14-ші жаңа әкімшілік маусым айының аяғында немесе шілденің басында билікке келіп, төрт жыл қызмет етеді.
Айта кетейік, Иран Президенті әкімшілігінің басшысы Ролам Хусейн Эсмаили ел Президенті Раиси мінген тікұшақпен қатарласа ұшқан әуе кемесінде болған. Ол қайғылы оқиғаға қатысты тың мән-жайды айтып берген еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.06.2024, 11:14 58836
Тоқаев Дербенттегі терактіге байланысты Путинге көңіл айтты
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2024, 11:30 68636
БАҚ Иран президентінің тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарлады
Тікұшақ құлаған аймақтың жергілікті ақпарат көздері президент пен оның серіктерінің қаза тапқанын растады
Достарға айту
19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып апатқа ұшыраған Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси қасындағы ресми тұлғалармен бірге қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Иранның Irna агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Тікұшақ құлаған аймақтың жергілікті ақпарат көздері президент пен оның серіктерінің қаза тапқанын растады.
Тікұшақ бортында Жоғарғы Көшбасшының өкілі және Тебриз жұма намазының имамы, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан губернаторы Малек Рахмати, Президенттік қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы генерал Сейед Махди Мусави және тікұшақтың басқа да экипаж мүшелері болды.
Осыған байланысты Ислам республикасының үкіметі жақын арада тиісті мәлімдеме жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.03.2024, 22:53 78106
Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
182 адам жарақат алған
Достарға айту
Теракт болған күні Crocus City Hall ғимаратынан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Концерт залының қызметкері ТАСС-қа берген сұхбатында: "Ғимараттан 5 мың адам эвакуацияланды", - деген. Оның айтуынша, өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде жертөледен және шатырдан тағы 100 адамды құтқарған.
22 наурыз күні кешке Красногорск қаласындағы Crocus City Hall ғимаратында теракт жасалды.
Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, 137 адам қаза тапқан, құрбандар саны артуы мүмкін.
Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 182 адам жарақат алған.
Терактіге қатысы бар 11 адам ұсталды, оның ішінде Украина шекарасына қарай қашпақ болған төрт тікелей кінәлі де бар. Ресей президенті Владимир Путин теледидар арқылы сөйлеген сөзінде, алдын ала мәліметтер бойынша, теракт жасағандардың шекарадан өтуі үшін Украина жағында "терезе" дайындалып жатқанын айтты. Ол Crocus City Hall-ға шабуыл жасағандардың барлығын анықтап, жазалауға уәде берді.
Ел президенті 24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.03.2024, 21:40 80521
"Крокуста" болған теракт кезінде 15 жастағы жасөспірім жүзден астам адамды құтқарып қалды
Сурет: Mash
Достарға айту
Мәскеудің Красногорск қаласындағы "Крокус сити холда" болған теракт кезінде 15 жастағы мектеп оқушысы Х.Ислам жүзден астам адамды құтқарып қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Оның мәліметінше, "Крокустың" киім ілгішінде жұмыс істеп, табыс табатын сегізінші сынып оқушысы концерт кезінде қарулы лаңкестердің дәл қасында болған. Исламның айтуынша, ол жарты сағаттай адамдардың ғимараттан шығуына көмектескен.
Дәл 23:00-де атыс басталды. Мен бірден адамдарды шығаруға жүгірдім. Өйткені қосалқы есіктердің қайда орналасқанын білетін едім. Кетіп қалсам, жүздеген адам өлетінін түсіндім. Қолымнан келгенінше біраз адамды шығарысып, үйге қайттым. Мен өзімді батыр деп санамаймын", - деді Ислам "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше белгісіз біреулер Мәскеудің Красногорск түбіндегі Crocus City Hall ғимаратында адамдарға оқ жаудырды. Бұл кезде "Пикник" тобының концерті басталуы керек еді.
Ресей Тергеу комитеті лаңкестік әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғады.
Оқиға орнына мәскеулік жедел әрекет етуші жасақ мен арнайы мақсаттағы милиция отряды, сондай-ақ өрт сөндірушілер жіберілді. Crocus City Hall ғимаратына 30-дан астам облыстық және 20 жедел жәрдем бригадасы жіберілді.
Атыс басталғаны туралы мәліметтен кейін ғимаратта өрт шыққаны хабарланды.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, өртенген аумақ 12 900 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілер адамдарды шатырдан шығарып, 100-ге жуық адамды эвакуациялады.
Мәскеу әуежайлары мен вокзалдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Ресей Федерациясының бірнеше өңірінде төтенше жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
ФҚҚ Крокус Сити Холлдағы терактіге қатысты 11 адамның ұсталғанын хабарлады.
24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша сенім телефоны ашылды. ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.03.2024, 21:26 80736
Мәскеудегі "Крокуста" болған лаңкестіктен зардап шеккендер саны 152-ге жетті
Сурет: Alexander Zemlianichenko Jr/Xinhua
Достарға айту
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің жаңартылған мәліметтері бойынша "Крокус сити холлдағы" теракт салдарынан зардап шеккендер саны 152-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам зардап шеккенін хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.
Еске сала кетсек, 22-ші наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы "Crocus City Hall" концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар бебіт тұрғындарға оқ жаудырған.
Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.02.2024, 21:30 88216
Әзербайжан Министрлер кабинеті отставкаға кетті
Достарға айту
Әзербайжан Конституциясының 116-бабына сәйкес (Әзербайжан Республикасы Министрлер Кабинетінің отставкасы) жаңадан сайланған Әзербайжан Республикасының Президенті қызметіне кірісіп, өз өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскен күні Әзербайжан Республикасының Министрлер Кабинетінің отставкаға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Әзербайжан Конституциясының 118-бабына (Әзербайжан Республикасының Премьер-министрін тағайындау тәртібі) сәйкес Әзербайжан Республикасының Премьер-министрін Милли Меджлистің (парламент) келісімімен Әзербайжан Республикасының Президенті тағайындайды.
Премьер-министрдің кандидатурасы туралы ұсыныс Әзербайжан Республикасы Президенті Милли Меджлистің қарауына қызметіне кіріскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей немесе Әзербайжан Республикасы Министрлер кабинеті отставкаға кеткен күннен бастап екі аптадан кешіктірмей енгізіледі.
Милли Меджлис Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің кандидатурасы бойынша шешімді осы кандидатура ұсынылған күннен бастап бір аптадан кешіктірмей қабылдайды. Көрсетілген тәртіп бұзылса немесе Әзербайжан Республикасының премьер-министрі лауазымына Әзербайжан Республикасының Президенті ұсынған кандидаттарды тағайындауға келісім үш рет берілмесе, Әзербайжан Республикасының Президенті премьер-министрді Милли Меджлистің келісімінсіз тағайындай алады.
Бүгін Милли Меджлисте Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевті ұлықтау рәсімі өтті.
Еске сала кетейік, Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы 7 ақпанда өтті.
Жақында Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы республикада өткен президент сайлауының қорытындысын шығарды, оған сәйкес Ильхам Әлиев мемлекет басшысы болып қайта сайланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 02:52Қазақстан диалогты нығайтуды және ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы қағидаттарын ұстануды жақтады 05.12.2025, 08:57 5326Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді05.12.2025, 09:01 5061Венада Орталық Азия және Солтүстік Еуропа елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті05.12.2025, 10:04 4816Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді05.12.2025, 12:20 239146 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі
01.12.2025, 12:48 73396Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда01.12.2025, 15:43 72576Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады01.12.2025, 13:34 72221Қазақстан - Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде01.12.2025, 14:38 72216Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда30.11.2025, 09:19 68566Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
13.11.2025, 17:40 176361Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 174536Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151591Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146121Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 145786Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

