06.01.2012, 15:59 4023

"Ақ жол" партиясы өндірісте еңбек ететін адамдардың айтарлықтай жеңілдіктер алуына күш салады

"Өндірістегі адамдар сайлау қорытындысының қандай болатындығына қарамастан, партияның олардың мүдделерін қорғайтындығына сенімді. "Хлопкопромцеллюлоза" кәсіпорны 2005 жылдың шілдесінде құрылған "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Еске сала кетсек, "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерін дамыту бойынша қолға алынған алғашқы жобалардың бірі",- деп еске сала кетті "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметінен.

Шымкент. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы өндірісте еңбек ететін адамдардың айтарлықтай жеңілдіктер алуына күш салады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сіздер секілді адамдар - біздің мемлекетіміздің болашағы. "Ақ жол" өндірісте еңбек етуші адамдарды әрқашан қолдап келеді. Біз өндірістегі адамдардың айтарлықтай жеңілдіктерге ие болуы үшін күш саламыз. Иңгіме, бірінші кезекте, мәселенің әлеуметтік жайы жөнінде болып отыр. Біз өндірісте еңбек ететін адамдар мен жас отбасылар алған банк несиелерінің мемлекет тарапынан субсидиялануын ұсынамыз. Мысалы, отбасында бір сәби дүниеге келсе, мемлекет 30 пайызын субсидиялайды, ал екіншісі дүниеге келсе - 50 пайызын, ал егер үшінішісі дүниеге келсе - 80 пайызын. Ал егер отбасы көп балалы болса, мемлекет несие пайызын өтеуді толығымен өз мойнына алуы тиіс. Сонда ғана елдегі демографиялық ахуал жақсара түседі. Негізінен алғанда біз ана мен бала жағдайын қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі деп есептейміз. Ал, бұл біздің тұғырнамада басымдық берілген денсаулық сақтау саласымен байланысты. "Ақ жол" партиясы қазақстандықтар сапалы, уақтылы және кәсіби медициналық көмек алуға құқылы деп есептейді", - деп мәлім етті Шымкенттегі "Хлопкопромцеллюлоза" кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесуінде партия төрағасы Азат Перуашев.

"Өндірістегі адамдар сайлау қорытындысының қандай болатындығына қарамастан, партияның олардың мүдделерін қорғайтындығына сенімді. "Хлопкопромцеллюлоза" кәсіпорны 2005 жылдың шілдесінде құрылған "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Еске сала кетсек, "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерін дамыту бойынша қолға алынған алғашқы жобалардың бірі",- деп еске сала кетті "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметінен.

"Ақ жол" партиясы өндірісте еңбек ететін адамдардың айтарлықтай жеңілдіктерге ие болуы үшін күш салады - 5 қаңтар күні партия төрағасы Азат Перуашев бастаған "Ақ жол" партиясының үгіт-насихат тобы сайлауалды іс-шаралар аясында Шымкентте бірқатар кездесулер өткізді. Үгіт-насихат тобының құрамында белгілі журналист, ақын Қазыбек Иса, бокстан олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, кәсіпкер Азамат Ибілдаев, депутаттыққа ең жас үміткер, "Жас маман" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов және т.б. "Ақ жол" партиясының белді мүшелері болды", деп хабарлады ҚДП баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, сайлаушылармен алғашқы кездесу Шымкент экономикалық колледжінде өткен. Жиында сөз алған "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев: "Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстан айтарлықтай экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Алайда, жағдай түбегейлі жақсарып кеткен жоқ, оны ашық айту қажет. Өзекті мәселелердің шешілуі үшін Парламентте пікірталас болуы тиіс. Ал, егер оның барлық мүшелерінің партбилеттері бірдей болса, пікірталас қалайша орын алады? Менің "Ақ жол" партиясына келу себебім, мен Парламенттің қоспартиялы болғанын және ол жерде әрдайым баламалы көзқарастардың болғанын қалаймын. Бұдан парламенттің беделі де көтерілер еді. Жеке мәселеңіздің шешілуімен барлығы өзгереді деп ойлау түбірімен қате. Елдегі жағдайды жүйелі түрде жақсарту қажет. Сондықтан "Ақ жол" қазақстандықтар өмірінің барлық саласындағы маңызды мәселелерді жүйелі түрде шешуді ұсынып отыр.", - деп атап өтті.

"Кездсеуге келгендер арасында тәуелсіздіктен кейін дүниеге келген жастар жағы да көп болды, олар алғаш рет дауыс беру арқылы өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіретін болады. Олардың денін партияның жастар саясаты қызықтырды",- деп атапөтті баспасөз қызметіндегілер.

"Ақ жол" - бұл жастардың партиясы. Барлық филиал төрағалары жастар, бірақ олар істері алға басқан кәсіпкерлер. Партия төрағасы Азат Перуашев та елдегі партиялардың төрағаларының арасындағы ең жасы. "Ақ жол" басшылығы жастарды белсенді түрде қолдап отыр. Біздің арамызда кәсіпкерлер өте көп, сондықтан біз жоғары білікті маман мен кәсіпкер болуға ұмтылғандарға үміт артамыз. Айта кетсек, кәсіпкер-өндірушілер жаңа жұмыс орындарын ашып, елдің әл-ауқатын көтереді. Ал, ең бастысы, кәсіпкерлер үшін ал-дарына нақты мақсат қойған қыз-жігіттерді қолдау тиімді. Себебі, жастар ертең кәсіби мамандарға айналып, олардың зауыттары мен фабрикаларына еңбек етуге келеді", - деп атап көрсетті өз сөзінде Еркебұлан Ілиясов.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан кейін үгіт-насихат тобы Шымкент политехникалық колледжінде емен-жарқын кездесу өткізді. "Ақжолдықтар" кездесудің маңызды орында өтіп жатқанын, елдің болашағы техника саласының мамандарына, талан-тты шеберлер мен инженерлерге байланысты екенін атап өтті.

Кездесуде сөз сөйлеген Қазыбек Иса "Ақ жол" партиясының рухани-мәдени құндылықтар мен тәрбиенің сақталуына мүдделі екендігін айтып өтті. Осыған байланысты ол партияның ХХ ғасырдың басының өзінде ұлттық дәстүрлерді, жетекші батыс елдерінің саяси тәжірибесін негізге ала отырып, тәуелсіздік туралы айтқан "алашордалықтардың" ізбасарлары екендігін еске сала кетті.

Барлық кездесулерде "Ақ жол" ҚДП атынан депутатыққа үміткерлер өз ойларын ашық ортаға салды. Сайлаушыларға партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі ережелері мен тезистері түсіндірілді. Үгіт-насихат тобы барлық кездесуге қатысушыларды өз дауы-старын "Ақ жолға" беруге шақырды.

"Қазіргі кезде "ақжолдықтардың" еліміздің ірі және шағын кәсіпорындарында - зауыттар мен фабрикаларда кездесулер өткізуі жақсы дәстүрге айналып отыр. Ал осындай кездесу-лерден соң көптеген еңбек ұжымдары өз дауыстарын "Ақ жолға" беруге құлшыныс таны-туда",- деп хабарлады ҚДП.

"Хлопкопромцеллюлоза" кәсіпорны ұжымының 100-ден астам қызметкері "Ақ жол" партиясының мүшелері болып табылады және алдағы сайлауда өз жақтастарына дауыс бермек",- деп атап өтті партияның баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны