18.04.2007, 16:20 2948

Астанада ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі келесі отырысы Мәскеуде қазанның екінші жартысында өтеді

АСТАНА. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Астанада ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі келесі отырысы Мәскеуде қазанның екінші жартысында өтеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Ресейдің премьер-министрі Михаил Фрадков мәлім етті.

"Біз ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі келесі отырысы қазанның екінші жартысында Мәскеуде өткізілетіндігіне келісім жасалды",- деді М. Фрадков журналистерге.

"Бүгінгі отырыс барысында біз 15 шешім қабылдадық, қажетті хаттамаларға қол қойып, экономикалық мәселелерге, Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын құруға және де Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге ерекше назар аудара отырып, біздің қоғамдастық аясындағы өзара ықпалдастығымыздың тиімділігін көтеруге ықылас таныттық",- деп қосты Ресей үкіметінің басшысы. "Бірқатар шешімдер әлеуметтік сипатта",- деді ол.

"Жалпы біз атқарылған істерге көңіліміз толды",- деп атап өтті М. Фрадков. Ол, "бүгінгі отырыстың күн тәртібінен тыс бейресми түрде бірқатар елеулі мәселелердің талқықанғандығын", айтып өтті. "Соның ішінде ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттер басшыларының алдағы кездесуіне дайындық жөніндегі мәселелер де талқыланды",- деді ресейлік премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны