31.01.2008, 10:07 2602

Астанада ҚР мемлекеттік хатшысы ЕҚЫҰ орталығының басшысын қабылдады

Астанада ҚР мемлекеттік хатшысы ЕҚЫҰ орталығының басшысын қабылдады

Астана. 31-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Ивар Виккиді қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мемлекеттік хатшы ЕҚЫҰ елшісі қызметіндегі жемісті еңбегі үшін Ивар Виккиге ризашылығын білдіріп, орталықтың ЕҚЫҰ мемлекеттері мен еліміз арасындағы ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесін атап көрсетті.

"Өткен жылдың аяғында Мадридте қабылданған 2010-жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету жайлы Қазақстан өтінішінің оң нәтижелі болуы - бұл президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдары қол жеткізген Қазақстанның таңқаларлық табысы мен шынайы өзгерісін халықаралық қоғамдастықтың мойындауы. Сондай-ақ, бұл Қазақстанда демократияның дамуы үшін біздің көпжылғы бірлескен ынта-жігеріміздің нәтижесі", - деді кездесуді ашқан Қанат Саудабаев.

ЕҚЫҰ елшісі өзінің Қазақстандағы қызметіне жоғары баға берілгені үшін алғыс айтып, бұдан әріқарай да ынтымақтастықтан үмітті екенін білдірді.

"Мен Мадридте қабылданған шешіммен Қазақстанды құттықтаймын. Қазақстан өте қиын және жауапты ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде өзін жақсы қырынан көрсететініне сенімдімін. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның қазіргі басшысы Илкка Канерва Қазақстанға осы жылдың маусымында келетінін айтып өткім келеді", - деді И.Викки.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кездесу барысында 2010 жылғы төрағалық етуге дайындық ісіндегі Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Қазақстан Ұйым қызметінің еліміздің төрағалығы неғұрлым тиімді деп табылған салалары мен бағыттары бойынша ЕҚЫҰ орталығы Қазақстанға белсенді көмек көрсететінін күтеді, деп атап көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны