27.04.2007, 12:04 3525

Қазақстан Республикасының премьер-министрі АҚШ мемлекеттік департаментінің бизнес және коммерция мәселелері жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады

АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Кеше Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов АҚШ мемлекеттік департаментінің бизнес және коммерция мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Дж. Мермоудты қабылдады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының премьер-министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка арасында бизнес, экономика және энергетика саласындағы диалогтың ойдағыдай дамып келе жатқандығы аталып өтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны