20.02.2007, 12:54 2922

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Астанада дипломатиялық корпус үшін әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруды ұсынады

АСТАНА. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Астанада дипломатиялық корпус үшін әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруды ұсынады. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында сыртқы саясат мекемесінің басшысы Марат Тажин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз Астананың бас жоспарын нақтылау аясында Астанада тұратын дипломаттарға арналған мектептер мен ауруханалары бар әлеуметтік инфрақұрылым құру үшін қажетті коммуникацияларымен қоса жер телімін беруді қарастыруларыңызды сұраймыз",- деді Марат Тажин.

Үкіметтің баспасөз қызметі мәтінін таратқан министр баяндамасында, "қаланың беделді ауданынан 50 га көлемінде" жер телімін бөлу туралы сөз болып отырғандығы көрсетілген.

"Біздің пікірімізше, бұл қаланы ірі аймақтық және субаймақтық орталық ретінде танытуда маңызды болар еді",- деп атап өтті министр. Сонымен қатар, Марат Тажиннің ойынша, "көрсетілген барлық нысандардың ... бір аумақта болуы тек дипломатиялық корпустың қолайлылығын ғана емес, сондай-ақ дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді". "Біз бұл проблемалармен әлі талай түйісеміз",- деді ол.

Марат Тажиннің ақпараттарына сүйенсек, бүгін Астанада 25 елшілік бар, тағы осыншалықты елшілік Алматыда жұмыс істеуде. "Бірақ, біз жуық арада, орта мерзімді кезеңде, олардың барлығы да Астанаға көшіріледі деген сенімдеміз",- деді СІМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны