27.04.2011, 14:00 5587

Қазақстандық дипломат ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Итальяндық ұшақты басып алып, оны Триполи жаққа бұрмақ болған ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан өкілдігінің кеңесшісі Валерия Толмачев ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 27 - сәуір. Kazakhstan Today - Итальяндық ұшақты басып алып, оны Триполи жаққа бұрмақ болған ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан өкілдігінің кеңесшісі Валерия Толмачев ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР СІМ мәліметтеріне сүйенсек, кеше Итальяның Чивитавеккья қаласының сотында алдын ала тергеу соты, прокурор мен ақтаушы Иван Маннидің қатысуымен бірінші жауап алу өткен.

"Прокурор сот отырысы барысында қазақстандыққа қатысты үш айыптау бабын айтқан. Олардың ең ауыры - ұшақты басып алуға әрекет ету бабы. Бұл ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сот айыптау баптарымен келісіп отыр",- деп атап өтті министрліктегілер.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы орталағының басшысы Александр Кельчевский Қазақстанның ұшақты алып қашуға талпынған ЮНЕСКО-ның жанындағы өкілдігі кеңесшісі Валери Толмачевтың жан күйзелісін есепке алуы мүмкін.

Шетел басылымлардың ақпараттары бойынша жексенбі күні кешке, 48 жастағы Валерий Толмачев пышақпен қорқытып, Париж-Рим рейсін жасап жатқан Alitalia компаниясы әуе лайнерінің экипажын Ливияның астанасы Триполиге ұшуға мәжбүрлемек болған. Ansa агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, Толмачев пышақпен қорқытып, Париж-Рим рейсін жасап жатқан Alitalia компаниясы әуе лайнерінің экипажын Ливияның астанасы Триполиге ұшуға мәжбүрлемек болған.Римге келгенде Толмачев италиялық полициямен ұсталған. Аспансерік болмашы жарақаттар алған, оған Рим әуежайында көмек көрсетілді.

"Өмірде барлығы болады, кейбір кезде адам есінен танып, өзінің әрекеттеріне жауап бермейді. Ондай болады", - деді Кельчевский тілшілерге берген сұхбатында. Оның пікірінше, болған оқиға кездейсоқтық болып табылады.

"Менің пайымдауымша, сот жүйесі оның жағдайын есепке алады", - деп қорытындылады Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы.

Фото: lifenews.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны