14.01.2008, 13:46 1387

Қазақстанның Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының делегациясы БҰҰ-ның Дінаралық үнқатысу онжылдығын жариялауға байланысты бастаманы талқылауға арналған кеңеске қатысты

Қазақстанның Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының делегациясы БҰҰ-ның Дінаралық үнқатысу онжылдығын жариялауға байланысты бастаманы талқылауға арналған кеңеске қатысты

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Женева қаласында (Швейцария) қаңтардың 8-і мен 11-і аралығында Шіркеулердің дүниежүзілік кеңесі мен БҰҰ жанындағы үкіметтік емес ұйымдар конференциясының ұйымдастыруымен (Conference of NGOs in Consultative relationshif with UN (CONGO)) Біріккен Ұлттар Ұйымының Дінаралық үнқатысу және ынтымақтастық онжылдығын (2010-2020 жж.) жариялауға байланысты бастаманы талқылауға арналған консультативтік кеңес болды. Осынау консультативтік кеңеске Қазақстанның Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының делегациясы қатысты, деп хабарлайды агенттік сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуге түрлі діндер мен сенімдердің (христиан, ислам, иуда, будда, бахай, брахма, сикхизм) өкілдері, БҰҰ-ның (ЮНЕСКО, ЭКОСОС), БҰҰ Адам құқы жөніндегі бас комиссариаты, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі бас комиссариаты, БҰҰ Даму бағдарламасы) институттары, мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысумен айналысатын үкіметтік емес (Киелі Эджидио қоғамы, Еркін діндердің халықаралық ассоциациясы, Дінаралық кездесулердің ассоциациясы, Иордания Королі дінаралық зерттеулер институты, Бірлескен діни бастамалар және тағы басқалар) ұйымдар, сондай-ақ Швейцарияда тіркелген Италия, Румыния, Филиппин, Ресей, Кипрдің елшілері қатысты.

Шараның негізгі мақсаты БҰҰ онжылдығын жариялау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, бастамаларды ілгерілету тетіктерін талқылау мен оны БҰҰ-на мүше елдердің және мүдделі ұйымдардың кеңінен қолдауын қамтамасыз ету болып табылады. БҰҰ Бас Ассамблеясының алдағы 63 сессиясы (2008 жылдың қыркүйегінде) барысында тиісті қарардың жобасын енгізу жоспарланып отыр.

Форумға Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы парламенті сенаты аппараты Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Б.Арын бастаған Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының делегациясы қатысты.

Қазақстан делегациясы шараға қатысушыларды жаһандық деңгейде конфессияаралық үнқатысуды ілгерілетудегі Қазақстанның күш-жігері, 2003 жылы және 2006 жылы болған Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші және екінші съездерінің нәтижелері, сондай-ақ еліміздің тұрақтылықты, дінаралық және ұлтаралық келісімді сақтаудағы тәжірибесі мен жетістіктері туралы хабардар етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны